RU
Макгрегор Нұрмағамедовпен жекпе-жегі алдында масқара болды
Жаңалықтар Спорт

Макгрегор Нұрмағамедовпен жекпе-жегі алдында масқара болды

Рассказать Вконтакте

Хабиб Нұрмағамедовпен кездесу алдында Конор Макгрегордың 10 жыл бұрынғы былығы ашылды. Литвалық спортшы Артемий Ситников 2004 жылы Макгрегордың жаттықтырушысы салмақ мәселесінде қулыққа барғанын айтты деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: youtube.com

Фото: youtube.com
Source: UGC

"Мен Макгрегормен 2008 жылдың 28 маусымында төбелестім. Қатты қиын болған жоқ. Турнирді оның жаттықтырушысы ұйымдастырған. Сол кезде ол салмақ мәселесінде қулығы мен айласын асырған еді. Қазір айтсам, барлығын ойдан шығарған деуі мүмкін", - деді Ситников.

Литвалықтың айтуынша, оның қарсыласы өзінен жеті келі ауыр болып шыққан.

"Біз 66 келі салмақ дәрежесінде күресеміз деп келіскенбіз. ол 66,6 келі болды. Мен "жарайды" дедім. Артынша өзім таразыға тұрғанда олардың 2-3 келіге аз көрсететінін байқадым", - деді ол.

Ситников пен Макгрегордың кездесуі литвалықтың жеңісімен аяқталған.

Айта кетейік, 6 қазан күні ирландық Макгрегор ресейлік Хабиб Нұрмоғамедовпен шаршы алаңға шығады. Кездесу жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағы үшін өтеді.

Ал жекпе-жекті "Qazsport" арнасының тікелей эфирінен Астана уақытымен 7 қазан күні таңғы 07:50-де тамашалай аласыздар.

Кездесудің билеттері 180 секундта сатылып кеткен.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel