RU
Кептелістен көз ашпайтын елорданың сол жағалауы астаналықтардың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Кептелістен көз ашпайтын елорданың сол жағалауы астаналықтардың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Астанада соңғы жылдары кептеліс мәселесі жиі көтеріліп жүр. Тұрғындардың айтуынша, қаланың сол жалағалауындағы кептелістен елордалықтар әбден мезі болған екен. Астаналықтар кейде тіпті кептелісте сағаттап тұрамыз дейді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Кептелістен көз ашпайтын елорданың сол жағалауы астаналықтардың ашуына тиді

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Астаналықтардың айтуынша, сол жағалаудағы көшелер өте тар салынған көрінеді. Салдарынан қала тұрғындары сағаттап кептелісте тұруға мәжбүр.

"Қала шағын ғана, бірақ бір шетінен екінші шетіне жету жыл сайын сұмдық болып барады. Сағаттап кептелісте тұрасың. Әсіресе сол жағалаудаға кептеліс тіптен қаныңды қарайтады. Айналдырған 5-6 көшені тар қылып салған, салдарынан діттеген жеріңе жете алмай, жолда сағаттап тұрасың. Айта-айта жауыр болған тақырып қой, бірақ айтпасаң ештеңе өзгертмейтін сияқты", - дейді қала тұрғындары.

Кептелістен көз ашпайтын елорданың сол жағалауы астаналықтардың ашуына тиді

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Сонымен бірге олар жолақыны төлеудің жаңа үлгісі енгізілгеннен кейін, жүргізушілер мен кондукторлардың жүгенсіз кеткенін айтты.

"Автобустар бұрынғыдай емес, жиі қатынамайды. Кептелісте сағаттап тұрып қана қоймай, автобусты күтіп қанша тұрасың. Мәселен, бұрындары Керуеннің алдына келетін №32 автобус 10 минут сайын жүрсе, қазір жарты сағатта бір жүреді. Өте ыңғайсыз. Бірақ, айтылғанмен не пайда, мәселе шешілмейді. Билік бәрібір өзінікін жасайды", - деп шағымданды қала тұрғындары.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel