RU
Ыстықкөл жағасынан тоғыз жасар мүгедек бала өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Әлемде

Ыстықкөл жағасынан тоғыз жасар мүгедек бала өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Ыстықкөл жағалауындағы Шолпан-ата қаласында тоғыз жасар баланың денесі табылды деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: issykkul.biz

Көрнекі фото: issykkul.biz

Анықталғандай, 1 қазан күні сағат 10:00 шамасында Шолпан-ата қаласының ішкі істер органына тоғыз жасар баланың анасы хабарласқан.

Олар аутизммен ауыратын мүгедек балалары жоғалып кеткенін айтыпты.

"Бес сағаттан соң баланың денесі Ыстықкөлдің жағасынан табылған. Оның денесінен тұншықтырып өлтіру белгілері байқалды. Қазіргі уақытта суицид және өлімнің басқа да жолдары анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптамалары тағайындалды", - деп хабардар етті Ішкі істер басқармасы.

Қазіргі уақытта аталмыш фактіге байланысты жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel