RU
Қазақстандық боксшы Марина Вольнованың анасы өмірден өтті
Жаңалықтар Спорт

Қазақстандық боксшы Марина Вольнованың анасы өмірден өтті

Рассказать Вконтакте

Лондон Олимпиадасы мен бірнеше әлем чемпионатының жүлдегері Марина Вольнованың анасы қайтыс болды. Қаралы хабарды Қазақстан бокс федерациясы жеткізді деп жазады kfb.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kfb.kz

Фото: kfb.kz

Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтында отандық боксшы Марина Вольнованың анасының мезгілсіз өліміне көңіл айту жазбасы жарияланған.

"Бокс қауымдастығы Маринаның қайғысына ортақтаса оған және оның туғандарына көңіл айтады" , - делінген жазбада.

Қазақстандық боксшы Лондон олимпиадасында топ жарып, турнирдің қола жүлдесіне ие болды. Қазалы тумасы 2010 жылы Азия ойындарының жеңімпазы мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Оған қоса, ол Қазақстан чемпионатының төрт дүркін чемпионы.

Марина Вольнова қазақ тілінде еркін сөйлейді.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel