RU
"Понт пен мақтану жоқ": Алматылық ару ресейлік миллиардерлерге тамсанды
Жаңалықтар Қоғам

"Понт пен мақтану жоқ": Алматылық ару ресейлік миллиардерлерге тамсанды

Рассказать Вконтакте

Алматылық Альбина Бектенова қазір Мәскеу қаласында тұрады. Ол жеке кәсібін дамытып, Forbes тізіміне енген ресейлік миллиардерлермен өткен кездесуі туралы айтып берді. Бойжеткенге олардың өмірге деген көзқарасы ұнағаны соншалықты, ол тіпті, қазақстандықтарға үлгі алу қажеттігін жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Фото: facebook.com/ albinabektenovaa

Фото: facebook.com/ albinabektenovaa

Өз Facebook парақшасында Альбина жақында өзінің бір күнін Мәскеудегі Сколково кәсіпкерлік мектебіне арнағанын айтқан. Ол жақта ару атақты ресейлік миллиардерлермен сөйлесу мүмкіндігіне ие болған екен. Кәсіпкерлердің ашықтығы Альбинаны тамсандырмай қоймаса керек.

"Мен Варданянның (Forbes-та 99-орында) орын болмаған соң, бұрышта тұрып, сахнаға қарап тұрғанын көрдім. Рыбаковтың (Forbes-та 84-орын) қарапайым асханада тамақтанып, студенттермен сөйлесіп отырғанын байқадым", - дейді алматылық ару.

Одан бөлек, бойжеткен бай-бағландардың арасында ешқандай "понт" пен мақтануды, күзеттерді байқамаған екен.

Дәл осы тұста Альбина Ресей миллиардерлерін қазақстандық кәсіпкерлермен салыстыруды жөн көріпті. Оның сөзінше, біздің елімізде барлығын жасанды істейді.

"Сен тіпті Forbes тізіміне енбесең де, өзіңді жоғары ұстайсың, қасыңда күзет алып жүресің. Олар сен дәретханаға барғанда да, тамақтанғанда да жаныңда жүреді", - деді мысқылдап Альбина.

Кәсіпкер бикеш Қазақстаннан кеткісі келетін адамдарды қолдайтынын айтты.

"Жыл санап елден кететін жастар көбейіп келеді, және бұл дұрыс! Мен бұл әрекетті қолдаймын! Өйткені, өз шамаңды көрсету мен өзіңді дамыту Мәскеуде де жеңіл. Ал Батыс туралы мүлде сөз қозғамасақ та болады", - деп сөзін қорытындалды бойжеткен.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel