RU
"Сен келесісің": Тағы бір "Ирак аруы" өміріне қауіп төнгенін айтып, жылап қалды
Жаңалықтар Әлемде

"Сен келесісің": Тағы бір "Ирак аруы" өміріне қауіп төнгенін айтып, жылап қалды

Рассказать Вконтакте

Модель әрі бұрынғы "Ирак аруы" Шима Кассем тікелей эфирде өзіне қоқан-лоққылар жазылған хабарламалар келгенін айтып, көз жасын тоқатата алмады. Бұл жағдай бірнеше күн бұрын Бағдад қаласында "Ирак аруы - 2015"-ті өлтіріп кеткеннен кейін орын алған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шима Кассел келесі құрбан өзі болатыны жайында хабарлама алғанын айтқанда көз жасына ерік берді. Оның айтуынша, Иракта танымал әйелдер жаппай өлтірілуде.

Мысалы, тамыз айында Бағдад қаласындағы сән салондарын ашып отырған екі әйелдің мәйіті табылған. Жұмбақ жағдайда қаза болғандардың өлім себебі әлі күнге дейін анықталмаған.

Ал жақында "Ирак аруы - 2015 " Тару Фарес ажал құшқан. Қаза болған аруға да қоқан-лоққы көрсетіп, әлеуметтік желілерде балағаттаған. Болжамдардың бірі бойынша сұлуды Instagram-дағы суреттері үшін өлтіріп кеткен.

Бұл қылмыстардың арасында байланыс бар-жоғы әлі белгісіз, дегенмен Ирак премьер-министрі Хайдер Әл-Абади бұның үрдіске айналып бара жатқанын айтып, тергеудің дұрыс жүргізілуін талап еткен.

Айта кетейік, Шима Кассем 2,7 млн оқырманы бар Instagram-дағы танымал ару.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel