RU
Әкесін қарақшылардан қорғап қалған 9 жасар қызға ел тәнті болды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әкесін қарақшылардан қорғап қалған 9 жасар қызға ел тәнті болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Филиппинде кішкентай қыз отбасын қарулы қарақышлардан аман алып қалды. Бұл туралы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az
Source: UGC

Қару асынған қарақшылар келіп, әкесін ұра бастағанда сегіз жасар қызы далада ойнап жүрген екен. Ұрлықшылар әкесінің ақшасын тартып алыпты. Артынша олардың біреуі үйге кіріп, құнды заттарды іздей бастаған.

Алайда, қарақшылардың жоспарлаған ойлары іске аспады. Олар заттарды алып қыздың қасынан өте бергенде, бүлдіршін қарақшылардың біріне тап берген.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az
Source: UGC

Сол мезетте құнды заттары бар сөмке жыртылып, ішіндегілер жолға шашылып қалған.

Дегенінен қайтпаған балақай қашып кеткен қарақшылардың артынан қуып, олардың мопедына жармасқан. Алайда ұрылар қыз баланы жерге тастап, өздері оқиға орнынан ізін суытқан.

Ал бұл оқиғадан кейін жеткіншектің денесі көгеріп, мұрны сынып кеткен. Екі күн ауруханада болған ол келесі жолы қарақшыларды ұстап алатынын айтады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel