RU
Қойды 111 рет көтерген семейлік бойжеткенке көпшілік таңдай қақты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қойды 111 рет көтерген семейлік бойжеткенке көпшілік таңдай қақты (фото)

Рассказать Вконтакте

Семейде қойды 111 рет көтерген Айым Нұржанова жұртты қайран қалдырды. Ол "АгроСемей-2018" атты халықаралық көрмедегі сайысқа қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген деп хабарлайды Алтайньюс сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kaz.altaynews.kz

Фото: kaz.altaynews.kz
Source: UGC

Шәкәрім атындағы университет ректорының айтуынша, бұл көрмеге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Франция, АҚШ пен Қытайдан мамандар келген.

Ал меймандарға жылқылар, асыл тұқымды жылқылар, қазақтың ақбас сиыры, түйе мен ұсақ малдардың түрлері де көрсетілген. Сондай-ақ, бұл қатардан қыран, бүркіт, қырғауыл сынды құстар мен үй қояндарының небір түрлерін көруге болады.

Көрмеде ұйымдастырылған сайыс көптің көңілінен шыққан. Нәтижесінде қойды 185 рет көтерген Марат Оразбаев бас жүлде алса, 111 рет көтерген Айым Нұржанова да жеңімпаздар қатарына енген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
3
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel