RU
Алматыда оқушылар арасындағы тарихи-танымдық байқаудың жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда оқушылар арасындағы тарихи-танымдық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Рассказать Вконтакте

"Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Тұлпар мініп, ту алған" бірінші әдеби байқауы қорытындыланды.

Алматы қаласы оқушылары арасындағы бірегей тарихи-танымдық байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласы оқушылары арасындағы бірегей тарихи-танымдық байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласы мектептерінің 6-10 сынып оқушылары байқау шарттары бойынша "Алпамыс батыр" эпосын жатқа оқудан жарысты. Байқауға қатысу үшін барлығы 1300 оқушы өтініш білдірді.

Қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен №180 орта мектептің 9 сынып оқушысы Аружан Абсатар 1 орын иеленді және 1 500 000 теңге ақшалай сыйлық алды. Екінші орын және 1 000 000 теңге №187 лицейдің 6 сынып оқушысы Абылай Бердашевке берілді. Үшінші орын мен 500 000 теңгені №152 мектеп-гимназиясының оқушысы Бекзат Шардарбек алды.

Алматы қаласы оқушылары арасындағы бірегей тарихи-танымдық байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласы оқушылары арасындағы бірегей тарихи-танымдық байқауының жеңімпаздары анықталды

Оқушылардан өзге, жеңімпаздарды дайындаған тәлімгер ұстаздар әдістемелік көмегі үшін марапатталды. Осылайша, Майра Мырзахметова, Айжан Оспанбекова және Фарида Сүлейменова сынды мұғалімдер Ұлыбританияның Оксфорд қаласында қысқа мерзімді ағылшын тілі курсын өту грантына ие болды.

Бұдан басқа, қала мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алматыда оқушылар арасындағы бірегей тарихи-танымдық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Алматыда оқушылар арасындағы бірегей тарихи-танымдық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Еске сала кетейік, Байқау 2018 жылдың 17 мамырында жарияланғанып, бірнеше кезеңдерден тұрды. 15 қыркүйекке дейін 8 аудандық кезеңдер өткізілді, содан кейін, 26 қыркүйекте Оқушылар сарайында қаланың барлық аудандарынан шыққан 24 финалға қатысушылармен жалпы қалалық кезең өткізілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel