RU
10 жылдан кейін Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
Жаңалықтар Спорт

10 жылдан кейін Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Рассказать Вконтакте

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова ресми түрде 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды prosports.kz.

Ольга Рыпакова: Фото: kazathletics.kz

Ольга Рыпакова: Фото: kazathletics.kz

2008 жылғы және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының допинг-сынамаларын қайта қараған Халықаралық Олимпиада комитеті күміс жүлдеге қазақстандық спортшыны лайық деп таныған.

Себебі Қытайдағы 2008 жылғы Олимпидада үш қарғып секіруден күміс жүлдегер атанған Татьяна Лебедева допинг дауына ілінген. ХОК ресейлік арудың допингке қарсы ережелерді бұзғанын анықтады.

Осылайша, Бейжіңде төртінші орынды қанағат тұтқан Ольга Рыпакова араға он жыл салып күміс жүлдегер ие болды.

Айта кетейік, осы Бейжіңдегі тарысты додада қола алған грек қызы Хрисопийи Деветци де допинг дауына ілігіп, оның жүлдесі Рыпаковаға берілген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel