RU
Сағадиев мектепте үшке оқығанын мойындады
Жаңалықтар Қоғам

Сағадиев мектепте үшке оқығанын мойындады

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тіл пәндерінен үлгерімі нашар болғанын айтты. Тіпті еліміздің бас мұғалімі бұл пәндерден үш алғанын да жасырмады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Шенеунік мұндай мәлімдемені "Үздік педагог — 2018" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде жасаған.

Жиын соныңда жүргізуші Сағадиевке: Математиканы жақсы оқитындар, тілге нашар келеді деген рас па және министрдің үштік бағасы болды ма деген сауал қойды.

Бұған жауап ретінде Білім және ғылым министрі шындығын айтты.

"Тіл пәндерінен мектепте үштік баға алғанмын", — дейді Ерлан Сағадиев.

Cөз соңында министр мұғалімнің әрбір жұмыс күні құрметке лайық екенін де атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
10
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel