RU
Түркістан облысында тағы бір жеткіншек зорланғанын айтып шағымданды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында тағы бір жеткіншек зорланғанын айтып шағымданды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында тағы бір мектеп оқушысы өзінің құрдасы мен оның ересек ағасынан зорлық көріп жүргеніп зорланғанын жайып салды. Ең сорақысы, бұл жағдай да Сарыағаш ауданында орын алып отыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түркістан облысында тағы бір жеткіншек зорланғанын айтып шағымданды

Көрнекі фото: Crimyakutia.ru
Source: UGC

Мектеп-интернатта білім алатын 13 жастағы ер бала өз сыныптасы мен оның ағасы өзін бір жылдан бері зорлап келгенін айтып шағымданды.

Жәбір көрген жеткіншек тіпті үлкен дәретін ұстай алмайтын жағдайға жетіпті.

Бұл арсыз әрекет жайлы тәрбиешілер де білген көрінеді. Алайда Абай ауылындағы айқай-шудан соң басының бәлеге қалуынан қорыққан мектеп басшылығы істі жылы жаппақ болғанға ұқсайды.

Мектеп-интернатта көрген қорлығы жайлы бала анасына да, тіпті, туған ағасына да ләм демей жүрген.

Тек сыныптастарының бірі бөлмедегі жайтты суретке түсіріп алып, оны өзге ұлдар арасында таратып жіберген соң ғана айтуына тура келіпті.   

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
3
11
16
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel