RU
Маңғыстауда жас жігіттің мәйітін белгісіз біреулер ауруханаға апарып тастаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Маңғыстауда жас жігіттің мәйітін белгісіз біреулер ауруханаға апарып тастаған

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында төбелестен кейін көз жұмған 25 жастағы жігіттің денесін аурухананың қабылдау бөліміне белгісіз біреулер әкеліп, тастап кеткен деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстауда

Көрнекі фото: cheltv.ru

Қыркүйектің соңғы күнінде түнгі сағат 01.30 кезінде ауруханаға екі адам келіп, соққыға жығылған азаматтың мәйітін әкелген. Кейіннен ол екеуі де іздерін жасырыпты.

"1993 жылғы жігіттің мерт болғаны анықталды. Тергеу жұмыстары Мұнайлы ауданының ІІБ бақылауына берілді», - деп мәлімдеді жауапты дәрігер.

Әлі де расталмаған мәліметке сүйенсек, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында екі жігіт ерегісіп қалып, артынша төбелескен.

Олардың бірі көз жұмған азаматтың кеудесін арматурамен аямай ұрған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel