RU
Балқаш көлінен сүңгуірлер жоғалып кеткен екі жасар баланың денесін іздеуде
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Балқаш көлінен сүңгуірлер жоғалып кеткен екі жасар баланың денесін іздеуде

Рассказать Вконтакте

Балқашта ТЖ басқармасының құтқарушы сүңгуірлері, полиция қызметкерлері және елуден аса еріктілер бүгін, 2 қазан күні, күндізгі сағат 12 шамасында Техснаб елдімекеніндегі үйдің ауласынан шығып кетіп, қайта оралмаған екі жасар баланы іздестіріп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

С.ңәаво

Көрнекі фото: uznt42.ru
Source: UGC

Аталмыш ауданның сол және оң жағында Балқаш көліне қатты ағыспен құйып жатқан канал бар. Бұл жер жоғалып кеткен сәбидің отбасы тұратын үйден 250 метр шақырымда орналасқан.

Ата-анасы Бекнұрдың өз бетімен есікті ашып, аула сыртына шығып кеткенін байқамапты. Олар баланы іздеуге шыққан кезде бір сағаттай уақыт өткен.

Полицейлер мен құтқарушыларға жылдам хабар беріліп, іздеу жұмыстары басталыпты.

Ауылдың маңайы су арнасы мен Балқаш көлі екенін ескере отырып, жаяу іздеу топтары мен еріктілер ғана емес, Төтенше жағдайлар басқармасының сүңгуірлері де іске кіріскен.

"Баланың жоғалғаны туралы бізге тек кешкі сағат жетіде хабар берілді. Уақыт жоғалтып алдық, бірақ біз үміт үзбейміз және сәбиді белсенді түрді іздеп жатырмыз. Оның шұлығының бір сыңары табылды. Оны анасы танып отыр. Алайда бұл ештеңені шешпейді, сол себепті біз оның аман екеніне сенеміз. Іздеуші еріктілер саны қазір елуден асты", - Rina.kz қозғалысының мүшесі Олег Никитин.

Бекнұр Дәрігүлдің үстінде қызыл жейде мен аяғында ашық түст колготки болған. Түн жарымға қарамастан іздеу жұмыстары тоқтамай жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel