RU
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы жол апатында мерт болды
Жаңалықтар Әлемде

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы жол апатында мерт болды

Рассказать Вконтакте

Аты аңызға айналған неміс боксшысы, бұрынғы әлем чемпионы Грациано Роккиджани Италияда болған жол-көлік апатынан көз жұмды. Танымал спортшының өлімін Бранденбург полициясы растады деп хабарлайды Оbozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

рррррр

Грациано Роккиджани. Фото: "Обозреватель"

54 жастағы боксшыны өлі күйінде түн ортасында SS121 автокөлік жолынан тауып алған.

Полиция мәліметіне сәйкес, Роккиджаниді 29 жастағы азамат тізгіндеген автокөлік қағып кетіпті.

Оқиға орын алған маңда жаяу жүргіншілерге арналған арнайы белгі жоқ екені белгілі болды.

Сонымен қатар, неміс спортшысының түн жарымда ол жерде не істеп жүргені жұмбақ күйінде қалып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel