RU
WBА чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Жаңалықтар Спорт

WBА чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Рассказать Вконтакте

Орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері және WBSS бірінші кезеңінің жеңімпазы Каллиум Смит Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fightnews.info

Фото: fightnews.info

Боксшы GGG-дің бокс әлемінде үлкен беделі бар екенін, жоғары салмақтағы боксшылар да Головкинмен теңесе алмайтынын айтқан.

"Оның аты әйгілі. Мен бұл ойынды қаржылай жағынан жақсы кездесу болады деп ойлаймын. Ал оны жеңу үлкен жеңістің бірі болады", - дейді Каллиум Смит.

Чемпион Головкиннің "Канелодан" жеңілуі оның абыройына еш нұқсан келтірмегенін жеткізді.

"WBSS финалында Гроувз менімен шаршы алаңға шығуға дайын болмаса, жаттықтырушым Галлахер орнына Головкинді ұсынатынын айтқан. Мен оған "Джо, сен мені жақсы көрмейсің бе?" деп жауап бергенмін", - деді Смит.

Боксшы оның жанкүйерлері GGG-мен кездесу өткізгенін қалайтынын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel