Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Түркістанды көркейтуді тапсырған тұлғалар жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын дамытуды қазақстандық миллионерлер мен миллиардерлерге сеніп тапсырды. Елбасының құрған тізіміне мемлекетіміздегі ең бай кәсіпкерлердің барлығы дерлік кірген деп жазады NUR.KZ.

Фото: kazakbol.com, bazis.kz, mirkrasiv.ru, vlast.kz, yujanka.kz, yaqyt.kz, astana-group.kz, atameken.kz, bnews.kz
Фото: kazakbol.com, bazis.kz, mirkrasiv.ru, vlast.kz, yujanka.kz, yaqyt.kz, astana-group.kz, atameken.kz, bnews.kz: UGC

Александр Белович "Базис-А"

Фото: bazis.kz
Фото: bazis.kz: UGC

Бұл құрылыс компаниясының басшысына президент Түркістанға театр салуды тапсырған. Александр Белович елбасының бұйрығы міндетті түрде орындалатынына уәде берді.

Forbes мәліметінше, "Базис-А" басшысы 2018 жылы 50 ауқатты адам тізімінде 18-ші орынды иеленген. Осы күнге дейін оның байлығы 324 млн долларға бағаланып отыр.

Патох Шодиев - ENRC

ENRC басшыларпының бірі әрі танымал миллиардер Патох Шодиевке түркі халықтарының мұражайын тұрғызу міндеттелген. Америкалық Forbes бельгиялық азаматтығы бар кәсіпкердің байлығын 2 млрд долларға бағалаған.

Айта кетейік, Шодиев Бельгиядағы миллиардерлер тізімінде екінші орынды алады.

Айдын Рахымбаев - BI Group

Фото: vlast.kz
Фото: vlast.kz: UGC

"BI Group" басшысы елбасына Түркістан облысына қазақ хандары, билері және батырлары орталығын сыйға тартуға сөз берді.

Forbes мәліметінше, Рахымбаевтың жинап-терген байлығы 370 млн долларды құрап отыр. Ол еліміздегі 50 ауқатты кәсіпкерлер қатарында 14-ші орында тұр. Беделді бизнесмен 2012 жылдан бері ауқаттылар тізімінде өз орнын жоғалтпайды келеді.

Канг Джон Дэ - "Хайвилл Қазақстан"

Фото: yujanka.kz и yaqyt.kz
Фото: yujanka.kz и yaqyt.kz: UGC

Тұрғын үй салу бойынша Оңтүстік кореялық компанияның бас директоры Түркістанға өз қолдауын білдіретінін айтты. Канг Джон Дэге облысқа тұрғын үй тұрғызу тапсырылды.

"Хайвилл Қазақстан" бүгіннің өзінде төрт аса қымбат жобаны іске асырып, оның аясында қазақстандықтарға кең пәтерлі үйлерді тұрғызып берген.

Нұрлан Смағұлов

Фото: astana-group.kz
Фото: astana-group.kz: UGC

Назарбаев Нұрлан Смағұловқа Түркістанда көлік салонын ашуға тапсырма берді. Кәсіпкер құрамына "Астана Моторс" пен Mega сауда орталықтары кіретін "Астана Групп" компаниясына иелік етеді.

Forbes-тің бағалауынша, оның жинаған байлығы 450 млн долларды құрайды. Смағұлов еліміздің ең ауқатты адамдары тізіміндегі үздік 50-дің ішінде. Бұл тізімдегі орнын кәсіпкер 2012 жылдан бері ұстап келеді.

Данияр Абылғазин

Фото: atameken.kz
Фото: atameken.kz: UGC

Президенттің тапсырмасы бойынша, кәсіпкер Түркістанда жүзу орталығын тұрғызбақ.

Еліміздегі ең бай кәсіпкерлер тізімінде Абылғазин үздік 50-дің ішінде 19-ші орында тұр. Оның байлығы 317 млн доллар. Кәсіпкердің "Petroleum Operating" және "Автогаз Трэйд" компанияларында өз үлесі бар.

Сауат Мыңбаев - "ҚазМұнайГаз"

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Сауат Мыңбаев елбасына Түркістан облысына стадион салып беруге уәде берді. "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы еліміздің мұнай саласындағы ең бай 50 адамның ішіне кіреді.

Компания басшылығында Мыңбаев 5 жылдан астам уақыт отыр. Бұған дейін ол үш жыл бойы еліміздің Мұнай және газ министрі болып қызмет етті.

Айта кетейік, Назарбаев Түркістан облысының дамуына кәспкерлердің де үлес қосуы керектігін айтқан болатын. Соның негізінде, президент еліміздің бай-бағландарына жаңа облысқа бір-бір ғимараттан тұрғызуды бұйырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755881-nazarbaev-trkistandy-krkejtudi-tapsyrgan-tlgalar-zajly-ne-bilemiz/

pixel