Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүгедек әкесін жалғыз өзі бағып отырған алты жасар қыз жұртты жылатты (фото, видео)

Опубликовано:

Қытайдағы Нинся-Хуэй автономды ауданына қарасты Хайюань елді мекенінің тұрғыны мүгедек болып қалған соң, оның күтімін алты жасар қызы қолына алған. 38 жастағы Тиан Хайченгті әйелі жарымжан бола салысымен тастап кеткен деп жазады fakty.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Анасы отбасын тастап кеткен соң, барлық ауыртпалық алты жасар қыздың мойнына түскен. Балақай мүгедек болып қалған әкесінен бас тартпай, бар уақытын оның күтіміне арнайды.

38 жастағы Тиан Хайченг төрт жыл бұрын жантүршігерлік жол апатына түсіп, өздігінен жүре алмай қалған. Үйінің асыраушысы болған ер адам жұмыс істеуге қауқарсыз болғанна кейін, әйелі ұлын алып оны алты жасар қызымен тастап кетіпті.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Кішкентай қыз асқан қайсарлық танытып мүгедек әкесін ауыр жағдайда қалдырмай, бар уақытын оның күтіміне арнап жүр.

Қытайлық отбасындағы ерекше оқиға желіде тарап, көпшілікті елжіреткен. Ғаламтор қолданушылар алты жасар қыздың әрекетіне риза болып, өз оң пікірлерін жаудыруда.

Оқырмандардың тағы бірі жарымжан күйеуін тастап, бар ауыртпалықты қызына қалдырған әйел адамды аяусыз сынға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1755906-mgedek-kesin-zalgyz-zi-bagyp-otyrgan-alty-zasar-kyz-zrtty-zylatty-foto-video/

pixel