RU
Шымкентте адам шошырлық көпірден шаршаған жұрт жанайқайын айтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте адам шошырлық көпірден шаршаған жұрт жанайқайын айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің Еңбекші ауданындағы Оңтүстік және Қарабастау ауылдарын қосатын көпірдің жағдайы адам шошырлық жағдайға түскен. Оның әлі жөнделмегеніне ашынған тұрғын әкімшілікке видео үндеу жолдапты. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pryf.livejournal.com

Көрнекі фото: pryf.livejournal.com
Source: UGC

Құлауға шақ қалған көпірдің видеосын Руслан Түрімбетов есімді азамат Whatsapp желісімен Еңбекші әкімшілігіне жолдаған.

"Көпірдің ұзындығы 20 метрді құрайды. Қорқыныштысы, оның биіктігі мен тіпті, балалар құлап кететін ойылған тұстары. Жақында таңертең және кешке дала қараңғы болады. Сол кезде балалар №99 мектепке дейін қалай барады? Бұл көпірмен барлық адамдар жүруге мәжбүр. Өйткені, № 69 автобус аялдамасы келесі бетте орналасқан. Көпір маңына түнгі уақытқа жарық қосу керектігін мүлде айтпай-ақ қояйын. Бұл жақта тіпті, жол белгілері де жоқ", - дейді Руслан Түрімбетов.

Еңбекші ауданы әкімшілігі бұл мәселеден хабардар екенін айтты.

"Бұл көпірді бұрын мұнай өңдейтін зауыт өз қызметкерлері үшін салдырған. Қазір бұл іспен жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы айналысып жатыр. Мен білсем, қазір онда жөндеу жұмыстарына арналған жоспарлы құжат дайындалған. Барлық толыққанды ақпаратты Шымкент қаласы әкімшілігі жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан біле аласыздар", - деп жауап берді Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Александр Малахов.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel