RU
"Бай-бағландар көп": Астананың "ашыналар" қаласы екені рас па?
Жаңалықтар Қоғам

"Бай-бағландар көп": Астананың "ашыналар" қаласы екені рас па?

Рассказать Вконтакте

Астананы ел тұрғындары көбінесі бай-бағландар мен қымбатшылықтың қаласы деп жатады. Сондай-ақ, ел арасында Астананың "ашыналар" қаласы деген пікір де қалыптасқан. Елордада жас қыздардың шенеуніктер мен кәсіпкерлердің тоқалы атанып, қымбат көлік, зәулім үйге қол жеткізетінін рас па? NUR.KZ аталған сауалды қала тұрғындарына қойып көрді.

Көрнекі фото: Postimees

Көрнекі фото: Postimees

Астаналықтардың көпшілігі "тоқалдар" тек Астанада ғана емес, еліміздің кез келген қаласында жетіп артылатынын айтты.

"Тоқал дегенге қазір таң қалмайтын болдық. Қазақтар қолы бірдеңеге жетсе, қос-қостан әйел алатынын бар емес пе? Қазір дәл сондай заман. Жас қыздар кәрі шалдардың өзіне ақшасы үшін тұрмысқа шығып жатады. Бірақ Астананы кілең ашыналар қаласы дегенге қимаймын. Жан-жақтан келген жастар көп, солардың арасында тәрбиелі, үлгілі қыздар да бар шығар", - дейді жасы 60-тан асқан қария.

Ал елордалық бір топ студенттердің пікірінше, бас қалада ашыналар көп және олар көп ұзамай бай-бағландардың тоқалы атанады екен.

"Астанада бай-бағландар, шенеуніктер көп қой, сондықтан оларға тоқал болуға дайын тұратын қыздар да жетеді деп ойлаймын. Қазір қыздардың түсінігі өзгеріп кеткен, адамның ар-ұяты, санасына көп мән бермейді. Үйі, көлігі болса екен дейді. Сондай қыздар міне осындай әрекетке барады.

Әрине, жап-жас қыздың "әкесімен жасты азаматқа тұрмысқа шығып жататыны немесе солардың көңілдесі болатыны – жиіркенішті. Бірақ, өкінішке орай, қазір ондайлар көп", - дейді жігіттер.

Ал елордалық Жұмабек есімді қарияның айтуынша, мұндай қыздардың болашағы жарқын болмайды екен.

"Біреудің көз жасы, сол үйлі-баранды еркектердің әйелдерінің, балаларының қарғысы жібереді дейсіз бе? Төбеде құдай бар ғой, ондай қыздар сондай әрекеттерімен өздерінің болашақтарына балта шабады. Ерлер оларды бәрібір әйелі етіп алмайды. Білмеймін, қазіргі жастарға не жетпейтінін?

Бәрі бар, біздің кездегідей аштықты да, жоқ-жітік де көрмеді. Сонда да осындай әрекеттерге барып жатады. Көңілдес, тоқал дей ме? Одан қалса жігіттер сырға салып, қызтеке болатын болды. Болашаққа, немерелерімнің келешегіне қатты алаңдаймын", - деп сөзін аяқтады қария.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel