Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстанда президентті жарыса мақтағандар ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

Түркіменстанның ұлттық кеңесі ел ішіндегі мәселелерді талқылап шешкеннен гөрі, ел басшысын мадақтауды маңызды көрсе керек. Бүгінде әрбір үкімет жиыны президентті мақтау шарасына айналып кеткен деп жазады "Настоящее времяға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Turkmenportal
Фото: Turkmenportal: UGC

Басылымның мәлімдеуінше, ұлттық кеңестің кезекті отырысы тек бір адамға ғана арналғандай күйде өткен. Ұйымдастырылған шараның басты жұлдызы - Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхамедов болыпты.

Жиын барысында сөз сөйлеген әрбір өкіл мемлекет басшысын барынша мақтап, оған деген алғысын жаудырған.

Басылымының хабарлауынша, Түркіменстан ұлттық кеңесінің әрбір отырысы елбасын мадақтау сайысы іспетті болып кеткен.

Негізі ауқымды жиында мемлекеттік маңызы бар мәселелер талқылану керек екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1755912-trkimenstanda-prezidentti-zarysa-maktagandar-atka-kaldy-video/

pixel