RU
Роналдудың өзін зорлады деп айыптаған арумен көңіл көтерген видеосы тарап кетті
Жаңалықтар Спорт

Роналдудың өзін зорлады деп айыптаған арумен көңіл көтерген видеосы тарап кетті

Рассказать Вконтакте

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдуды америкалық Кетрин Майорги есімді ару өзін зорлады деп деп айыптап, оның үстінен шағым түсірген болатын. Бүгінде футболшы мен бойжеткеннің танысқан күні түсірілген видеосы табылып, желіге тарап кетті деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Желіге таралып үлгерген видеодан футболшы мен бойжеткеннің көңіл көтере билеп жүргенін байқауға болады.

Америкалық азаматша таяуда ғана 2009 жылы өзін Роналдудың зорлағанын айтып, ел күтпеген мәлімдеме жасаған еді. Оның сөзінше, екі жастың клубтағы таныстығы қонақ үйде жалғасып, нәтижесінде футболшы бойжеткенді өз қалауынсыз зорлаған.

Оған қоса, Кетрин Роналду оқиға жайлы ешкімге тіс жармас үшін қомақты қаржы төлегенін де жеткізді.

Айта кетейік, португалиялық жұлдыз өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарды. Футболшының айтуынша, бойжеткен бұны өзіне назар аудартқысы келгендіктен жасап отыр екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel