RU
Алматы облысында әжей келіні мен ұлы ұрғанын айтып, жылап қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында әжей келіні мен ұлы ұрғанын айтып, жылап қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында қарт әжей өзінің келіні мен баласының сабап, үйден шыққанын "Қарекет" бағдарламасында жылап отырып, айтып берді жазады NUR.KZ.

Фото: Қарекет бағдарламасынан кадр

Фото: Қарекет бағдарламасынан кадр
Source: UGC

Он баланы өмірге алып келген Күлімхан Шыбынтаева 1991 жылы үйді ұлының атына аударып беріпті.

"Қартайғанда мұндай қорлық көремін деп ойламадым. Екі немерем келіп қылқындырды. Келінім құлағымнан ұрды. Оған ұлым қосылды. Содан қашып кеттім. Мені үйді алады деп ойлайды ғой. Он ай көтеріп жүріп, туған балам ғой. Мені қолымдағы таяқпен бір ұрды. Талдың арасын паналап жүріп, өкпеме суық тигізіп алдым", - деп жылады әжей.

Қарт бүгінде Әсел есімді жиен қызының үйінде тұрып жатыр.

Алайда бұл сөздердің оның келіні мен ұлы жоққа шығарған.

Әжейдің ұлы мен келіні. Фото: Қарекет бағдарламасынан кадр

Әжейдің ұлы мен келіні. Фото: Қарекет бағдарламасынан кадр
Source: UGC

Әжейдің келіні Гүлмира Нүсіпәлиеваның айтуынша, оның босаға аттағанына 25 жыл болған. Сондай-ақ, әженің мазасыз адам екені, үнемі сырттағы адамдарға осылай айтып жүретінін жайып салды. Келіннің бұл сөзін қайын апалары мен күйеуі де қостап отыр.

Ал жиені Әсел Мұхтарова қарт кісіні ағасы мен жеңгесінің үйден түн ортасында қуып шыққанын, әжейдің өкпесіне салқын тиіп ауырып қалғанын айтады.

"Түнде далаға қонып, өкпесіне суық тиген. Қажетті емін алып бердім. Туғаны осылай істесе, әжемнің осылай өмір сүргеніне қынжыламын", - деп сырын ақтарды Әсел.
Сіздің реакцияңыз
24
6
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel