RU
Анасы терезеден лақтырып жіберген нәресте ғажайыптың күшімен аман қалды
Жаңалықтар Әлемде

Анасы терезеден лақтырып жіберген нәресте ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Таиландта жаңа туған нәресте бесінші қабаттан құлап кеткен. Алайда сәби банан жапырақтарының арқасында аман қалған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Daily Mail / YouTube

Фото: Daily Mail / YouTube

Оқиға 1 қыркүйек күні Самутпракан өңірінде болған. Банан бұталарының арасынан жылаған дауыс естіген жергілікті тұрғындар кіндігі кесілмеген нәрестені тауып алыпты.

Сәбидің денесінде тек маса шағудың белгілері ғана қалған екен.

Полиция баланы терезеден анасы лақтырып жібергенін айтады. Ал көршілері нәресте құлаған үйде жас жүкті әйел тұрғанын жеткізді.

Қазір полиция қызметі адам өлтіруге талпынды деген күдікпен сәбидің анасын іздеп жатыр.

Ал ауруханада жатқан нәрестенің жағдайы жақсы.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel