RU
Азаматтық авиация комитеті ұшаққа билетсіз өткен Төреғалиге қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Азаматтық авиация комитеті ұшаққа билетсіз өткен Төреғалиге қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Азаматтық авиация комитеті "Эйр Астана" ұшағына билетсіз өтіп кеткен әнші Төреғали Төреәлінің әрекетіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Комитеттің атап өтуінше, Алматы-Гонконг рейсінің бортында болған оқиға тіркеуге алынған. Қазіргі уақытта қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.

"Авиациялық қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды. Тексеру барысында бұл оқиғаның анық-қанығы зерттелетін болады", - дейді Азаматтық авиация қызметі.

Сондай-ақ, мекемеде тексеру аяқталған соң, барлық қажетті шаралар қолданылатынын айтты.

Ал эстрада жұлдызының ұшаққа қалай кіргенін құзіретті органдар анықтайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше "Эйр Астана" ұшағының VIP-залына билетсіз кірген Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз
22
2
5
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel