RU
Айнұр Нұрсейітова жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айнұр Нұрсейітова жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желі жұлдызы Айнұр Нұрсейітова бұған дейін тіс жармаған сырымен бөлісті. Үшінші рет тұрмысқа шыққан ару бірінші некеде туған ұлын өз ата-анасы тәрбиелеп отырғанын айтты. Оған қоса, танымал блогер бұрынғы күйеуі мен баласының араласуына қарсылық танытпайтынын жеткізді деп жазады Good Housekeeping сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үшінші рет отбасын құрған Айнұр Нұрсейітова өз жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Бүгінде ол сүйіктісімен нағыз отбасылық өмірдің қызығын көріп жатқанын айтады. Ерлі-зайыптылардың ортақ қызы бар. Одан бөлек, Айнұрдың бірінші некеде туған ұлы бар.

"Жолдасымның ұлыммен қарым-қатынасы мен ойлағандай жақсы. Ол ата-анамның қолында тәрбиеленеді. Бұл жағдай барлығының көңілінен шығады. Әсіресе ұлымның", - дейді ару.

Оған қоса, Айнұр ұлының әкесімен араласып тұруына ешқашан кедергі болмағанын айтты.

"Мен олардың араласуына ешқашан кедергі келтірмегенмін. Олар ұлымды қанша көргісі келсе, сонша көре алады. Бұрынғы күйеуімнің ата-анасы оны үйлеріне алып кетіп тұрады. Мен мүлде қарсы емеспін. Олар менің ұлымды жақсы көреді. Мен баламды ешқашан оларға қарсы қойған емеспін" , - деді Нұрсейітова.

Танымал блогер бойжеткендерді ажырасқаннан кейін қайта отбасын құруға қорықпауға шақырып, өзі іспетті аруларды сынға алатындарға жауап берді. Ол бақытқа әрбір адам лайықты екенін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel