Выйти
RU

Қазақ жазушысы үш баласымен тастап кеткен күйеуін қалай кешіргенін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қоғамда әйелдерге арналған "Ойыңды өзгертіп, өзіңді өзгерт" атты кітап шығарған жазушы Кәмшат Бекжігітова үш баласымен тастап кеткен күйеуін қалай кешіргенін "Ойбай Lіfe" бағдарламасында айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Кәмшат Бекжігітова. Фото: "Ойбай life" бағдарламасынан алынды

Кәмшат Бекжігітова. Фото: "Ойбай life" бағдарламасынан алынды

Психолог маман өзінің балалы болғаннан кейін депрессияға түскенін, отбасында түсініспеушіліктер орын алғанына өзін кінәлайды.

"Отбасымның ажырағанына өзім кінәлімін. Білімсіздігім кінәлі. Көп нәрсені дұрыс істемегенмін. Кез келген жағдайды үлкен мәселеге айналдырғанмын. Екеуміздің арамыздағы барлық әңгімені дұрыс қабылдай білмегенмін.
Қазіргі келетін хаттарға қарап отырып, әйелдерге айтарым, өздеріңізді өзгертіңіздер. Мен сабырсыз болып, тек өзімдікі дұрыс деген ұстанымда болғанмын. Жолдасымыз екеуміз бір-бірімізді кешірдік. Бірақ ол кісінің өз отбасы бар. Қазір достар сияқтымыз", - деп ағынан жарылды Кәмшат Бекжігітова.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақ жазушысы үш баласымен тастап кеткен күйеуін қалай кешіргенін айтты