RU
Кәмшат Жолдыбаеваның ерекше клипі көпшілікке ұнап қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кәмшат Жолдыбаеваның ерекше клипі көпшілікке ұнап қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Үнемі ашық-шашық киімімен елді шулатып жүретін Кәмшат Жолдыбаеваның су жаңа туындысы көпшілікке ұнап қалды деп жазады NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева. Фото: Клиптен кадр

Кәмшат Жолдыбаева. Фото: Клиптен кадр
Source: UGC

Отандық әнші Индира Елемеспен бірге түсірген "Сайра" атты бейнебаянының ерекше кадрлері көпшілікті өзіне бірден баурап алған.

Әр туындысын өзгелердікіне ұқсатпауға тырысатын өнер иесі бұл жолы бейнебаяны үшін ну орманды таңдаған.

Клип сюжеті бойынша, қос бойжеткеннің ұшағы апатқа ұшырап, джунгли ішіне тап болады. Олар өмір сүру үшін түрлі қиындықтар мен қатерге бас тіккен. Бейнебаян соңында қос аруды құтқарушылар тауып алады.

Желі қолданушылары "Мынау клипіңіз кино сияқты екен", "Қалай тез өткенін, әннің сөзіне мән беріп үлгермедім", "Тек клипті бақылап отырасың ғой", "Керемет екен" деп таңдай қақты оқырмандар.

Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшамызда тыңдауға болады

Сіздің реакцияңыз
10
1
0
0
2
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel