RU
Аспирин қатерлі ісікті тоқтата ала ма?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Аспирин қатерлі ісікті тоқтата ала ма?

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиядағы Кардифф университетінің ғалымдары аспириннің кейбір қатерлі ісік түрлерін тоқтатуға көмектесетінін анықтады деп жазады oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com
Source: UGC

Зерттеуге ішек, қуықалды безі және кеуде безінің ісігіне шалдыққан 620 мың науқас қатысқан. Олардың 120 мыңы аспириннің аз мөлшерін күнделікті пайдаланса, 400 мыңы аспирин қабылдамаған.

"Дәрінің кері әсері де жоқ емес. Оны қабылдаған науқастардың кейбірінің ішектері қансырады. Алайда, дәрі қабылдамаған науқастарда да осындай ауытқулар байқалды" , - деді ғалымдар.

Зерттеу нәтижесінде дәрінің науқастардың өміршеңдігін 20-30% пайызға артырғандығы анықталды.

Ғалымдар бұл нәтижелерге обсервациялық зерттеу барысында қол жеткізгендіктен, аурудың себеп-салдарды анықтау үшін жарамсыз екенін ескертіп кетті.

Дегенмен, ғалымдар қатерлі ісікті емдеуде және алдын алуда аспириннің нәтижелі екенін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel