RU
Алматы полициясы "Жібек жолы" көлік базарын тағы тексеріп шықты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы полициясы "Жібек жолы" көлік базарын тағы тексеріп шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы территориясында мүлікті заңсыз және қылмыстық жолмен игеруге жол бермеу мақсатында "Құқық тәртібі" жедел алдын-алу шарасы өтті деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Алатау ауданындағы "Жібек жолы" көлік базарының аймағында заңбұзушылыққа жол беретін тұлғаларды анықтау мақсатында рейд жүргізілді.

Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

"Бұл іске Ішкі істер департаменті мен Ішкі істер басқармасының 100 қызметкері жұмылдырылды.
Шара барысында автобөлшек сататын 97 дүкен, базар аумағында техникалық қызмет көрсететін 15 бекет, Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі күдікті 82 тұлға, сондай-ақ, 34 автомобильге қажетті құралдар тексерілді.
Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Рейд нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434, 440, 441, 449, 505, 517, 518 және 519 бабы бойынша 64 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелді. Алатау аудандық Ішкі істер басқармасына 97 адам жеткізілді. Оның 34-і миграциялық құқық бұзған азаматтар.
Ішкі істер департаментінің қабылдау-бөлу бөліміне жеке куәлігі жоқ тоғыз адам қамалды", - дейді Алматы ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.
Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Алматы Ішкі істер департаменті мүлікті заңсыз жолмен алған тұлға Қылмыстық Кодекстің 196 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel