RU
Түркістан облысында зорланғанын айтқан тағы бір балаға қатысты тергеу басталды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында зорланғанын айтқан тағы бір балаға қатысты тергеу басталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында зорланғанын айтып, шағымданған тағы бір балаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: ruinformer.com

Көрнекі фото: ruinformer.com
Source: UGC

Облыстық ІІД-нің мәліметінше, осы жылдың 10 қыркүйек күні Түркістан облысы Ішкі істер департаментінің Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз жиеніне екі жасөспірімнің сексуалды сипаттағы қорлық көрсеткенін айтыпты.

Бұл жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабына сәйкес "сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірнеше сараптамалар тағайындалды.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Бұл қылмыстық істі Түркістан облыстық ІІД басшылығы толығымен жеке бақылауына алған.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Түркістан облысында тағы бір жеткіншек зорланғанын айтып, шағымданған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel