RU
Астанада науқасты аяусыз тепкілеген дәрігер жұмыстан қуылды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада науқасты аяусыз тепкілеген дәрігер жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Instagram әлеуметтік желісінде астаналық дәрігердің науқасты аяусыз тепкілеген видеосы тарап кеткен еді. Енді өзін-өзі ұстай алмай, ашуға булыққан дәрігер өз қызметінен қуылғаны белгілі болды. Бұл туралы zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Оқиға 1 қазаннан 2 қазанға қараған түні болған.

Астана қаласындағы орталық жол ауруханасының бас дәрігері Сергей Демочкиннің айтуынша, осы уақытта медициналық мекеменің қабылдау бөліміне жәбірленуші азамат бас жарақатымен түскен. Оны кезекші нейрохирург қарап, медициналық көмек көрсетіпті.

Сол уақытта мас күйде болған науқас өзін өте ашулы ұстаған көрінеді. Бірқатар кеңес алған соң, азамат үйіне қайтарылған екен.

Арада аз ғана уақыт өткен соң жігіт ауруханаға қайта келіп, дәрігерлерді ұялы телефонымды алды деп айыптаған. Ол өз затын қайтаруды сұрап, айғайға басыпты.

Азамат осы уақытта кезекшілікте отырған дәрігерді балағаттап, жақын адамдарына тіл тигізген көрінеді.

"Ол өзін бокстан спорт шеберімін деп атаған. Осылайша, дәрігерді балағаттап, жекпе-жекке шақырыпты. Терапевт алғашқы соққыға шыдағанымен, екінші рет ұрғанда науқасты итерген екен. Артынша ашуға булыққан ол құлаған науқасты теуіп те жіберіпті", - деді Сергей Демочкин.

Кезекші дәрігердің жасы 26-да. Ол ауруханада үш жыл жұмыс істепті.

Орталық аурухананың бас дәрігері қазір тергеу жұмыстары жүріп жатқанын, енді медициналық мекеме қызметкері жұмыстан қуылатынын айтты.

"Біз қызметкердің әрекетін ақтамаймыз. Алайда бұл науқастардың агрессивті қылығын көрсеткен алғашқы жағдайы емес. Жұма күні ғана біздің күзетшіні ұрып, медбикенің жағын сындырып кетті. Екі күннің бірінде мас адамдар келеді. Бірақ бұл қызметкерлердің этиканы бұзуына әсер етпеуі тиіс. Кезекші дәрігер өзін ұстай алмай қалған", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel