RU

Әйелінен қашып кетпек болған азамат елге күлкі болды

Әйелінен жасырын Абхазияға қашып кетпек болған ресейлік азамат шекарада жалған төлқұжатпен ұсталды деп жазды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

livejournal.com
Көрнекі фото: livejournal.com: UGC

Шекара қызметкерлері 41 жастағы Ресей азаматының ұсынған төлқұжаты оларға күдікті болып көрінген. Мән-жағдайды анықтағанда төлқұжат бауырына тиесілі болып шыққан.

"Елден кеткенімді әйелім білмеуі керек. Төлқұжатыма мөр басылғанын қаламадым" - деп ақталды саяхатшы.

Азамат Абхазияға ресейлік ішкі төлқұжатпен өтуге болатынын білмеген екен.

Тәртіп бұзушыны Ресейден шығармады.

Оған қоса ол 5000 рубль айыппұл төлейтін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1756019-jelinen-kasyp-ketpek-bolgan-azamat-elge-klki-boldy.html