RU
Қарағандыда келіншектің бес жыл күткен сәбиін өлтіріп алғандар 2,5 млн теңге айыппұл төлейді
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда келіншектің бес жыл күткен сәбиін өлтіріп алғандар 2,5 млн теңге айыппұл төлейді

Рассказать Вконтакте

Сот шешімі бойынша Қарағанды облыстық ауруханасы жатырда шетінеп кеткен нәрестенің ата-анасына бір жарым миллион теңге төлейтін болды. Ал емхана миллион теңге төлейді деп хабарлайды NUR.KZ.

klops.ru

Көрнекі фото: klops.ru
Source: UGC

Қарағанды қаласының тұрғындары Анна Терзи мен Дмитрий Терзи сотқа арызданып, қыздарының жатырда өлгені үшін кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті. Кінәлілер ретінде: емхананы, облыстық клиникалық аурухананы және денсаулық сақтау басқармасын көрсетті.

"Мен емханаға жоғары қан қысыммен 2017 жылдың 26 маусымында түстім. Денемде ісік болды. Маған қан қысымын түсіретін дәрі берді. Бірақ жағдайым тіптен нашарлап кетті. 2-ші шілдеде мен есімнен танып, өне бойым құрысып қалды. Осының салдарынан - нәрестемнің жүрегі тоқтап қалған. 2 күн бойы жансақтау бөлімінде жаттым. Ішімдегі қызым сол кезде өлі екен. Одан кейін толғақ шақыратын дәрі салып, мені босандырды", - деді Анна.

Бірінші инстанциялық сот шешімі поликлиниканы жапа шеккендерге бір миллион төлеп беруге міндеттеген.

Алайда, ерлі-зайыптылар мұнымен келіспей, облыстық сотқа арыз түсірген.

"Арызданушылардың аппеляциялық арызын ішінара қанағаттандыру. "Облыстық клиникалық емхана" коммуналды мемлекеттік мекемеден моралды зиян келтіргені үшін 1,5 миллион тенге төлеу талап етілсін. Шешім жарияланған кейін бірден заңды күшіне енеді" , - деп облыстық азаматтық істер жөніндегі аппеляциялық алқа өз шешімін шығарды.

Сот аурухана мен облыстық денсаулық басқармасын кінәсіз деп тапты.

Бірақ берілген өтемақы ата-ананың қайғысын жеңілдетпейді. Анна басқа аналар мұндай жағдайға душар болмасын деп шырылдап жүргенін жеткізді.

Айта кететіні, ерлі-зайыптылар нәрестені 5 жыл бойы күткен екен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel