RU
"Қаннан қорқады": Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясовтың анасы жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

"Қаннан қорқады": Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясовтың анасы жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан Денис Теннің өліміне кінәлі Нұралы Қиясовтың анасы жан сырын ақтарды. Ол ұлының бала күннен тілалғыш болғанын алға тартты деп хабарлайды “Экспресс-К" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұралы Қиясов, анасы. Фото:express-k.kz. Коллаж: NUR.KZ

Нұралы Қиясов, анасы. Фото:express-k.kz. Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Гүлзира Наушабаева Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде тұрады. 1991 жылы күйеуін кездестіріп, 1994 жылы Нұралыны өмірге алып келген. Нұралы отбасындағы екінші бала. Кішкентай күнінен тілалғыш болғанымен, сабақты үштікке оқыған. Ал Нұралы 9-шы сыныпты бітіріп, колледжге түскен жылы Гүлзира күйеуімен ажырасқан.

Гүлзира қызын өзімен алып кеткен де, екі ұлын әкесінде қалдырыпты. Осыдан соң Нұралы Алматыға кетіп қалған. Ол анасына хабарласқан сайын, жағдайының жақсы екенін, достарымен пәтер жалдап тұрып жатқанын айтқан.

Анасы ұлының алматылық достары жайлы білмейтінін айтты. Ал Нұралы қарындасына келген сайын тәттісі мен сыйлығын арқалап келеді екен.

2016 жылы Нұралы көліктің бөлшегін ұрлағаны үшін Алматыда қолға түседі. Үш ай уақытша қамауға алынған жігіт сот залынан босатылады.

Нұралы анасына бұл істі ешқашан қайталамайтынын айтқан екен. Гүлзира қызын Жамбылға тастап, ұлының қасына Алматыға келген. Ыдыс жуушы болып жұмысқа да орналасады. Ал Нұралы анасына көлік жуу орнында жұмыс істейтінін, моншаға арналған сыпырғы дайындайтынын айтқан.

Гүлзираның күйеуі қайта қосылғысы келетінін айтқан соң, ол Жамбылға оралыпты. Ал Нұралы ұсталғанда, Гүлзираның үйіне полицейлер барып, суық хабарды жеткізген.

Нұралының анасы сол жерде есінен танып қалыпты. Күдіктінің анасы ұлының қаннан қорқатынын айтып, қылмысты Нұралының жасағанына сенбейді.

Сіздің реакцияңыз
7
6
7
9
2
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel