RU
Алматыда екі оқушы төбелесіп қалған мектеп мұғалімі жұмыстан кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда екі оқушы төбелесіп қалған мектеп мұғалімі жұмыстан кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы лицейде төбелесіп қалған сегізінші сынып оқушыларының жанжалынан кейін мектептің әлеуметтік педагогы жұмыстан кетті деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: miloserdie.ru

Фото: miloserdie.ru

Алматылық әйел баласының мектеп мұғалімінің туысқандары тарапынан соққыға жығылғанын жеткізген болатын. Бастапқыда жанжал мектеп оқушылары арасында орын алған. Олардың бірі лицей ұстазының баласы боып шықты.

Шағымданушы келіншектің айтуынша, кіші баласын үлкен ұлы қорғап қалмақ болған. Алайда, өзара келіспеушілікке екінші баланың әкесі мен оның 30 жастағы қызы араласып, оларды соғып тастаған.

Бауырына жақтасамын деген жігіт бүгінде ауруханаға түсіп қалды.

Мектеп директорының айтуынша, оқиғадан кейін бірнеше жиналыс өтіп, нәтижесінде баласының қатысы бар мұғалім жұмыстан кетуге ұйғарған.

Зардап шеккен оқушының әкесінің мәлімдеуінше, директор орынбасары да кетуге ниетті. Жиналыстардың бірінде ол өзін жайсыз сезінген.

Зардап шеккен баланың жағдайы әлі де ауыр деп бағалануда. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel