RU
Еркін Ізбасар 16 жылын түрмеде өткізетін болды
Жаңалықтар Қоғам

Еркін Ізбасар 16 жылын түрмеде өткізетін болды

Рассказать Вконтакте

Қылмыс әлемінің серкесі деп танылған Еркін Ізбасардың 12 жылға сотталғанына прокурорлар келіспеген. Қылмыстық топ құрып, мұнай өнімдерін сату, тасымалдаумен айналысқан 26 адамға шығарылған сот үкіміне келіспеген прокурорлар апелляциялық шағым түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: fergananews.com

Фото: fergananews.com
Source: UGC

Прокуратура түсірген арызды қараған қылмыстық істер жөніндегі апеллияциялық сот алқасының төрағасы шешімді өзгертіп, Еркін Ізбасардың 16 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

"Еркін Ізбасарды 16 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу, Ауқат Қалиев 14 жыл бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу, Қартжан Қалдымұрат 13 жылға бас бостандығынан және дүние-мүлкін тәркілеу, Бекжан Аманқұлов 11 жыл бас бостандығынан айыру, 140 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған Адайбек Сәрсеновті жазадан босату, Сүгірбаев, Сүлейменов, Тектіғұл, Серікбаев, Сәулетов, Руслан Ермұханов, Қуанышұлының жазаларын 1 жыл алты айға төмендетуге үкім шығарылады",-деді сот төрағасы Қайырбек Елемесов.

Сонымен қатар, ,бір жыл алты айға бас бостандығынан айрылған Сергей Савчин рақымшылыққа ұшырап, шартты түрдегі жазамен бостандыққа шығатын болды. Қалған сотталушыларға берілген жаза өзгертілген жоқ.

Естеріңізде болса, Ақтөбеде мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдады, сатты, қылмыстық топ құрды деп айыпталған 26 адамға қатысты сот шешімі 2 тамызда шығарылған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Еркін Ізбасарға 12 жылға бас бостандығынан айыру үкімін кескен болатын. Жазасын естіген ол сот залында айқайға басқан.

Оған қоса, қылмыс серкесінің анасынан су жаңа көлігі мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сіздің реакцияңыз
3
2
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel