RU
Автобус ісі: Қайтыс болған әр өзбек азаматы үшін 150 млн теңге сұралды
Жаңалықтар Қоғам

Автобус ісі: Қайтыс болған әр өзбек азаматы үшін 150 млн теңге сұралды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жанып кеткен Өзбекстан азаматтары мінген автобус ісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта жәбірленушілердің талаптары оқылды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото:gordonua.com,politic-news.org. Коллаж:NUR.KZ

Фото:gordonua.com,politic-news.org. Коллаж:NUR.KZ
Source: UGC

Онда сотқа жауап берген 22 адамның екі ел арасындағы қатынастың қиын екенін, тұратын жерлерінің болмауынан шығындалып қалғанын айтқан.

"Жәбірленушілердің отбасына әр адам үшін 150 млн.теңгені өндіруді сұраймыз", - деді жәбірленушінің қорғаушысы Ақжан Ақылова.

Сонымен қатар, сот отырысына қатыспаған 20 жәбірленуші сенімхат жолдаған. Олар тұрмыстық қиындыққа байланысты сот отырысына қатыса алмайтындарын айтқан.

Қазақстанға жете алмаған жәбірленушілер де қаза болған жақындары үшін әр адам үшін 150 млн.теңге моральдық шығын өндіріп беруді сұрайды.

Жәбірленушілер тек моральдық шығынды өндіруді сұрайды. Материалдық шығынды есептеуге тиісті құжаттары болмаған.

Естеріңізде болса, қайғылы жағдай 18 қаңтар күні таңда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының аумағында тіркелген болатын. 52 өзбек азаматы жанып кетті.

Сіздің реакцияңыз
6
3
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel