RU
Барыс-Аренадан Головкинді көрген жұрт боксшыға тоқтаусыз қол соқты (видео)
Жаңалықтар Спорт

Барыс-Аренадан Головкинді көрген жұрт боксшыға тоқтаусыз қол соқты (видео)

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің елордалық Барыс-аренадағы хоккей матчына келуі халық үшін күтпеген жағдай болды. VIP-орында отырған боксшыны экраннан көрсеткенде залдың іші бірден шулап кетті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр
Source: UGC

Барыс-ЦСКА хоккей матчына келген жүздеген астаналықтар залда Геннадий Головкин отырғаны айтылғанда, естерінен адаса жаздаған.

Таңданысын жеткізе алмаған олар ысқырып, айғайлап, орындарынан секіре бастаған. Осылайша, барлығы боксшыға шапалақ ұру үшін орындарынан тұра жөнелген.

Ал боксшы бұл сәтте VIP орнынан баршаға қол бұлғап, жүрек тұсын ұстапты.

Бұл видеоны GGG өз Instagram парақшасында "үйде жылы қарсы алғандарыңыз үшін рахмет" деген жазбамен қалдырған.

Боксшы Астанадағы хоккей ойынының VIP орнына жоғары лауазымды шенеуніктермен бірге жайғасыпты.

Оның оң жағында премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мәмин отырған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
3
1
36
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel