RU
Тараздағы жантүршігерлік жол апатынан колония басшысы мен оның жүргізушісі қаза тапты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Тараздағы жантүршігерлік жол апатынан колония басшысы мен оның жүргізушісі қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Таразда колония басшысы мен оның көлік жүргізушісі жантүршігерлік апаттан қаза тапты. Қалған бес жолаушы қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген. Олардың жағдайы нашар деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Жолда кетіп бара жатқан "Мерседес" көлігінің капоты ойламаған жерден ашылып кеткен. Осы уақытта көлік жүргізушісі темір тұлпарын бірден колония басшысының қызметтік көлігі келе жатқан қарсы жолаққа қарай бұрады.

Куәгерлердің айтуынша, барлығы бірер секундта болып үлгеріпті.

Екі адамның өмірін алып кеткен бұл жағдайда "Мерседес" көлігінің жүргізушісі аман қалған. Қазір ол өте ауыр жағдайда жатыр.

Оның ішкі органдары үзіліп, аяқ-қол саусақтары сынып кеткен.

Енді азаматқа "Адам өліміне әкелген жол ережесін бұзу" бабы бойынша айып тағылып отыр.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel