RU
300 млн: "Ойыңды өзгертіп, өзіңді өзгерт" кітабының авторы туындысын сатып, байып кеткені рас па? (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

300 млн: "Ойыңды өзгертіп, өзіңді өзгерт" кітабының авторы туындысын сатып, байып кеткені рас па? (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақ әйелдеріне арнап шығарылған алғашқы психологиялық "Ойыңды өзгертіп, өзіңді өзгерт" кітабының авторы Кәмшат Бекжігітова туындысынан қанша табыс тапқанын "Ойбай Life" бағдарламасында ашып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Кәмшат Бекжігітова. Фото: ummastore.kz

Кәмшат Бекжігітова. Фото: ummastore.kz

Кітабының өте қарапайым тілде жазылғанын айтқан кітап авторы оның қарапайым қазақ әйелдеріне ұғынуға, түсінуге оңай екенін айтты.

"Мен әлемдік деңгейдегі психологтардың кітабын оқып, соны оқырмандарға жеткіздім. Кітабым 70 мыңыншы тираждар шығып жатыр. Ал сатылып 40-50 мың тираждың арасында тұр. Миллионмен айтқанда өте көп. Таптым, Аллаға шүкір. Өмірімде рахаттанып отырып, таптым. Өмірімде ешқашан рахаттанып отырып табыс таппағанмын", - деді Коуч психолог Кәмшат Бекжігітова.

Сондай-ақ Бекжігітова өзінің жеке мастер-класстарынан қанша табыс табатынын да ашып айтты.

"Өткен жылы алты ай бойы аймақтарды аралап, мастер-класс өттік. Бірақ айтарлықтай табыс емес. Билет құны 10-15 мың теңге көлемінде. Астана қаласында 300 адам жиналды. Бірақ соның 500 мың теңгесі қалтамда қалады", - деді психолог-жазушы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel