RU
Жігітке таласқан бойжеткен өз құрбысын өлтіріп тастады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жігітке таласқан бойжеткен өз құрбысын өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Ресейді демалысқа аттанған екі құрбы бір жігітке таласып, соңында бірі қаза тапты деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:uDuba

Фото:uDuba
Source: UGC

2017 жылдың тамызында Алена Попова мен Настя Муженя Қара теңізге демалысқа барған. Бірнеше күннен кейін қайықпен сол маңнан өткен Дмитрий Козаченко мен Эльман Курбанов қыздарды көріп, олармен танысқан. Жігіттер қыздарды қорқор шегетін жерге шақырыпты.Олар кездесуге барып, ішімдік ішіп, көңіл көтерген.

Настя Эльманды ұнатып, онымен оңаша шығып кеткен. Шатырға қайтып бара жатқан кезде Настя Аленадан Эльманды қызғанып, жанжал шығарған. Аленаның киімдерін шатырдың ішінен лақтырып, қуып жіберген. Алена киімдерін жинап, автостоппен Пятигорск қаласына қайтып кеткен. Келесі күні таңғы 10-да Алена үйінде болған.

"Мен кетіп бара жатқанда Настя телефонмен досымен сөйлесіп жатты. Жалғыз қалуға қорқатынын, бірақ мені шақырмайтынын айтып жатты. Мен де ренжіп, кетіп қалдым", - дейді Алена.

Келесі күні полиция Настяның мәйіті табылғанын хабарлаған. Настяның денесінде көптеген жарақаттар болған, мойнында саусақ іздері табылған.

Сарапшылар бас сүйегінің негізінің сынуы өліміне себеп болған деген шешім шығарды.

Аленаға Настяны өлтірді деген айып тағылып отыр. Оның уақытша қамау изоляторында отырғанына 1 жыл болды.

Алена Попованың туған-туыстары мұнымен келіспейді. Олар бұл іске Дмитрий Козаченко мен Эльман Курбановтың қатысы бар деп отыр. Алайда, тергеушілер оларды куәгерлер ретінде өткізіп отыр.

Егер Алена Попованы сот кінәлі деп тапса, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel