RU
Ақтөбелік КВН-шінің өлімі: Үш айыптының тек біреуі ғана кінәлі деп табылған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік КВН-шінің өлімі: Үш айыптының тек біреуі ғана кінәлі деп табылған

Рассказать Вконтакте

Ақтауда 3 қазан күні төрт баланың әкесі мен ақтөбелік КВН құрамасының бұрынғы ойыншысы Данияр Әлімбаевтің ісіне қатысты сот басталды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Интерфакс, 24СМИ / Коллаж: NUR.KZ

Фото: Интерфакс, 24СМИ / Коллаж: NUR.KZ

Сотталушылар орнында 20 жастан 22 жасқа дейінгі үш сыбайлас отырған. Марқұмның достары мен туыстары оларға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын беруді талап етіпті.

Алайда бұл өлімге сот тек Әлімбаевқа пышақ сұққан бір азаматты ғана кінәлі деп тауыпты. Ал қалған екеуі бұзақылық және марқұммен болған төбелес сынды айыптар тағылған.

Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы Данияр Әлімбаев шілдеде Ақтау караоке-барларыныі бірінде көз жұмған еді. Артынша оны өлтірген деп күдіктелген азаматтар қолға түскен болатын.

Бұл істе КВН-шінің отбасына қолдау көрсету үшін оның жақын достары келген. Олар Бас прокуратураның бұл істі өз қадағалауына алуын сұрайды.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel