RU
Жолдың қарама-қарсы жолағына шыққан алматылық жүргізуші оны видеоға түсірген
Жаңалықтар Қоғам

Жолдың қарама-қарсы жолағына шыққан алматылық жүргізуші оны видеоға түсірген

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде алматылық жүргізушінің Әл-Фараби көшесінің бойында қарама-қарсы бағытқа шығып, бұл әрекетін түсірген видеосы таралып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Ролик авторының видеосына жүздеген адам пікір білдірген.

"Мұның бәрі не үшін керек?", "Біреудің өліміне себепші боласың. Болмаса, өзің өлесің", "Осындай жауапкершілігі аз адамдардың кесірі өзгелерге тиеді".

"Басыңмен ойлану керек, бауырым", "Біреудің өміріне қасақана қауіп төндіріп тұрсың", "Жазалау керек" деп жазды оқырмандар.

Алматы қаласының ішкі істер департаменті ер адамды жауапқа тартатындарын мәлім етті.

Алматы қаласының ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта полиция ер адамды іздеу үстінде. Ол әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel