RU
"Қатты қиналдым": Алматылық жалғызбасты әкелер жан сырымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

"Қатты қиналдым": Алматылық жалғызбасты әкелер жан сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында балаларын жалғыз асырап жүрген әкелер әйелдері тастап кеткеннен кейін қандай қиындықтарға тап болғандарын Время басылымына айтып берген деп жазады NUR.KZ.

gestaltclub.com

Көрнекі фото:gestaltclub.com
Source: UGC

Ақын Сара аулының тұрғыны Нұрлан Саурықовтың әйелінің кетіп қалғанына 5 жыл болған. Ер азамат бүгінде төрт баласын жалғыз асырап отыр.

"Алғашында өте қиын болды. Әсіресе кішкентайлармен қатты қиналдым. Құдайға шүкір, анам көмектесті", - деген Нұрлан қиындықтарына мойымауға тырысуда.
time.kz

Дархан Сейлханов пен қыздары. Көрнекі фото: time.kz/Сандуғаш Дүйсенова
Source: UGC

Ер адам қыздарының шашын өруді үйренгенде біраз қиналғанын жасырмайды. Ал тамақ жасау, кір жууды білетінмін деп түсіндірді.

Жұбайының кетуіне не себеп болғанын ешкім білмейді. Ол балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген екен. Бірақ Алматыға біліктілігін жетілдіруге барып келгеннен кейін өзгеріп шыға келген.

"Келінім бір кеште киімдерін жинады да, ештеңеге қарамай кетіп қалды", - дейді Нұрланның анасы Орынбасар апа.

Сол жағдайдан кейін күйеуі онымен татуласуға қанша тырысса да, әйел үйге қайтудан бас тартқан. Ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасып, балалар өз қалауларымен әкесінің жанында қалған.

Аналары төлемеген алименттерінің көлемі 2 млн тенгеден асыпты. Төлетпек болғанда, ол балаларынан бас тарту арызын жазыпты.

Балпық би ауылының тұрғыны Дархан Сейлхановтың жағдайы бөлек. Ол әйелімен 2 жыл бұрын ажырасқан екен. Үлкен қызын қасына қалдырып, кішкене қыздары бұрынғы әйелімен қалған.

Бірақ, жуырда екі қызы үшін 1,2 млн тенге алимент төлеуге тиіс деген сот қағазын алғанда ер азамат қатты таңғалған.

"Не үшін ақша төлеуім керек? Екі қызымды да өзім бағып отырмын. Үлкен қызым қасымда, кіші қызым де үнемі осында", - деді азамат.

Қазір жалғызбасты әкелер мәселелерін бірге шешуге бел буып отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel