Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік ғалым қазақстандық шенеуіктер мен ұстаздардың ұрлығын әшкереледі

Опубликовано:

"Диссернет" арнайы текст тексергішінің негізін қалаушы Андрей Заякин қазақстандық шенеуіктер мен мұғалімдердің ұрлығын әшкерелеп, елге жайып салды. Оның айтуынша, олар қорғаған диссертацияларының барлығы басқа адамдардың еңбегі болып шыққан деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 7x7.ru
Фото: 7x7.ru: UGC

Қазақстанға келген ресейлік антиплагиатшы маман отандық шенеуіктер мен ұстаздардың бар былығын ашты. Заякин олардың басым көпшілігі біреудің материалын көшіріп алғанын беттеріне басты.

Маманның ұрлығы әшкереленген тұлғалар тізімінде Бас прокуратураның Алматы облысындағы басқармасының бұрынғы төрағасы да болған. Жұмагелді Құрманғалиев ғылыми дәрежесін алу үшін көшірмелі жұмысын Қырғызстан университетінде қорғап шыққан.

Басқа адамның еңбегін ұрлағандар қатарында жоғарғы оқу орындарының екі ұстазы да бой көрсетті. Бірі ҚазҰАУ педагогі Анарбай Қозыбек, екіншісі шымкенттік "Мирас" университетінің ұстазы Дурдона Саиткасимханова .

Анарбай Қозыбек 13 жыл бұрын ұрланған еңбектің арқасында ғылым докторы атанған. Ал, Дурдона Саиткасимханова 10 жыл бұрынғы ғылыми дәрежесін ресейлік Наталья Иванованың арқасында алған. Оның диссертациясының 50 пайызы ресейлік әріптесінің еңбегінен ұрланғаны анықталды.

Ғалым Андрей Заякин өз кезегінде ұрлыққа жүгінген шенділерді ғылыми дәрежелерінен айыруға кеңес берді.

Материалды көшіріп басу "Время" басылымының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1756123-resejlik-galym-kazakstandyk-seneuikter-men-stazdardy-rlygyn-skereledi/

pixel