RU
Қызылордалық кәсіпкер мектеп құрылысына өз қалтасынан 175 млн теңге бөліп, өкініп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордалық кәсіпкер мектеп құрылысына өз қалтасынан 175 млн теңге бөліп, өкініп қалды

Рассказать Вконтакте

Қызылордалық Бердібек Дәулетбаев мектеп құрылысына кеткен жарты миллиард теңгесін қайтара алмай жүр. Айтуынша, бастапқыда өзге компания салуы тиіс болған білім ордасына ол өз қалтасынан қаражат құйып, құрылысты аяқтаған екен. Ал, жергілікті атқамінерлер құрылыс біткен соң, ақшаны қайтарамыз деп сендіргенімен, кейін сөздерінде тұрмаған көрінеді. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Скриншот 31 арна

Скриншот 31 арна

Бір қызығы 300 оқушыға арналған мектепті облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өзі ашқан екен. Алғашында білім ордасының құрылысын бастаған мердігер компания жұмысты аяқсыз қалдырып, мектеп құрылысын кәсіпкер Бердібек Дәулетбаевтың компаниясы аяқтаған екен.

Жергілікті шенділер оған "мектепті әзірге өз қаражытыңызға салсаңыз, кейін кеткен шығынды қайтарып береміз" деген уәж айтыпты. Десе де, кәсіпкер "соңында көк тиын да қайтарылмады" дейді. Кәсіпкерге мектеп құрысылысына кеткен 175 млн теңге сол күйі қайтарылмаған.

"Бастапқыда мектепті өз қаражатыңа сал, кейін бәрін қайтарып береміз деп сендірді. Тіпті, бұдан былай тендер ұтып алуға да көмектесеміз деген. Бірақ, сөздерінде тұрмады, ақша қайтқан жоқ", - дейді кәсіпкер.

Даулы іске қатысты құзырлы органдар тергеп-тексеру амалдарын жүргізген. Қазіргі таңда іс сот қарауында көрінеді. Алайда, сотта мемлекеттік айыпталушы істі қайтадан прократураға жөнелтілуін талап етіп отыр. Айтуларынша, бұл іске басқа да адамдардың қатысы болуы мүмкін екен. Жергілікті кәсіпкер тек құрылысқа кеткен 175 млн-ды қайтарса екен деп отыр.

"Осындай соманың кеткендігін сараптама нәтижесі көрсетіп отыр. мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді, сонда осы ма, қолдауы? Ақшам әлі күнге дейін қайтарылмады" , - дейді кәсіпкер.

Сіздің реакцияңыз
8
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel