RU
Жанкүйерімен сахнада жұлқына билеген Кәмшат Жолдыбаева сынға қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жанкүйерімен сахнада жұлқына билеген Кәмшат Жолдыбаева сынға қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші сахнаға жүгіріп шыққан жанкүйерімен жұлқына билеп сынға ілікті. Кәмшат Жолдыбаева өз табынушысымен ел алдында биге беріліп кеткені үшін көпшіліктен оңбай сөз естіді деп жазады NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева өз тыңдарманымен концерт кезінде елдің көзінше би билеген. Оны сахнаға жүгіріп шыққан жанкүйері ыңғайсыз жағдайға қалдырған. Әнші табынушысымен жұлқына билеп, оқиғадан сәтті шықпақ болды. Алайда, отандық жұлдыздың бұл қылығы көптің көңілінен шықпаған.

Желі қолданушылар әншінің әрекетін ерсі санап, оны ғаламторда сынап тастады.

"Күннен-күнге киімі қысқа болып барады. Ұят дегенді ұмытқан"
"Соңғы кездері жаман өзгеріп кеттіңіз. Көргенсіздігіңізді көрсетіп жатырсыз"
"Бұрындары Кәмшат ұнайтын. Қазір аты шыққан сайын киетін кимі де азайған. Ұяты да жұқарып кетіпті. Ұят." , - деп жазуда оқырмандар.

Күні кеше Кәмшат Жолдыбаеваның су жаңа "Сайра" клипі шығып, елді ерекшелігімен баурап алған болатын.

Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаеваның су жаңа әндерін біздің MusicNur қосымшамызда тыңдауға болады

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel