RU
Терроршылар әйелдерді қалай жанкештіге айналдырады?
Жаңалықтар Қоғам

Терроршылар әйелдерді қалай жанкештіге айналдырады?

Рассказать Вконтакте

"Контртеррорлық комитет" әлеуметтік бірлестігінің басшысы Алмас Оразбаев терроршылардың әйелдерді жанкештілерге қалай айналдыратынын айтып берді. Олардың мақсатын іске асыру үшін бір ай бойы дайындалатыны анықталды деп жазады zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

"Оп-оңай. Егерде ол тиісті методиканы жетік меңгерген болса, оған дінге берілген әйелден жанкештіні жасау үшін бір ай ғана жеткілікті. Бір апта бойы ол әйел адамның өмір сүру салтын бақылайды. Содан кейін, есірткі үшін бәрін істеуге әзір нашақорларды жалдайды. Олар өз кезегінде, келіншек пен оның баласын да зорлап тастаудан тайынбайды. Бар болғаны есірткі берсең болды" , - деді Оразбаев.

Маманның айтуынша, содан кейін нашақорды жалдаған терроршы жоспар бойынша оған періште бейнесінде келіп, оған психологиялық түрде қысым көрсетеді. Ол орын алған қиыншылықта дінді ұстанбайтындар мен билік кінәлі екенін айтып, миына құяды. Бұл үрдіс екі апта уақытты алады. Тағы бір апта әйел адамды жанкештілер белбеуін қолдануды үйретумен өтеді.

"Яғни жанкештілікке азғыру көп жағдайда қиыншылықтарды туындатып немесе әйелдің басында бар проблемалары арқылы жүзеге асады. Мәселен, егер ол терроршының жесірі болса" , - деп айтты бірлестік басшысы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
6
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel