RU
Газдалған сусындардың ағзаға зиянды тұстары анықталды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Газдалған сусындардың ағзаға зиянды тұстары анықталды

Рассказать Вконтакте

Бен-Гурион университетінің ғалымдары газдалған сусынды ішу адам ағзасына зиян екенін анықтады. Әсіресе егер сусындардың құрамында көп мөлшерде қант болса, ол ағза жұмысын біртіндеп әлсіретеді екен. Ал оларды шамадан тыс пайдалану тіпті қатерлі дертке әкелуі мүмкін деп хабарлайды vecherka-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: vskormi.ru

Көрнекі фото: vskormi.ru

Жалпы зерттеуге 210 мыңнан астам адам қатысқан. Олар газдалған сусын құрамындағы фосфаттар ішек микрофлорысына зиян келтіретінін анықтаған. Сол сияқты сусындар құрамындағы тәтті қоспалар да ішек ауруларына әкеп соқтырады екен.

Олар тышқандарға зерттеу жасағанда, сусын құрамындағы тәтті қоспалар адам ағзасының жұмысын нашарлататынын анықтаған. Ал оларға газдалған сусынды үнемі беріп отырғанда, бұлшық еттердің жұмысында ауытқушылық бар екені дәлелденген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel